Кожарипова Жаннат Шайхсламовна
«№6 қалалық емханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері, жогары санатты дәрігер акушер-гинеколог, жогары санатты медицина ұйымдастырушы
Еңбек жолы:
1992-1993 жылдар аралығында №1 перзентханада дәрігер болып интернатурадан өтті.
1995-2002 жылдар аралығында №2 қалалық емханасында акушер-гинеколог дәрігері болып қызмет атқарған.
2002-2004 жылдары Облыстық медицина орталығында дәрігер акушер-гинекологы.
2004-2013 жылдар аралығында Қалалық әйелдер консультациясының бас дәрігер қызметін атқарды.
2013 жылдың 18 ақпанынан 23 қарашасына дейін Облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері қызметін атқарды.
2013 -2014 жылдар Интертич клиникасы бас директорының орынбасары қызметінде болды.
2014 жылдың қаңтарынан желтоқсан айына дейін Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Ана мен бала ісі жөніндегі орынбасары.
2014-2015 жылдары Облыстық инфекциялық ауруханасының бас дәрігері қызметінде.
2015-2017 Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Ана мен бала ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып.
2017 жылдың наурыз айынан бастап осы кезге дейін «№6 қалалық емханасы» ШЖҚ КМК-ның бас дәрігер қызметіне тағайындалды.
Сергазиев Сакен Бактыбергенович
Облыстық онкология орталығының директоры
Еңбек жолы:
1999-2000 жылы Алматы қалалық А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының интерн дәрігері ретінде.
2000 – 2001 жылдары Қызылорда облыстық медицина орталығының травматологиялық пунктің дәрігері травматологы ретінде жұмыс атқарған.
2001-2002 жылдары Алматы қалалық А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының аспиранты ретінде.
2002-2003 жылы Қызылорда облыстық медицина орталығының жедел хирургия бөлімінің дәрігер хирургы ретінде қызмет атқарып,
2003-2008 жылдары Қызылорда облыстық медицина орталығының жедел хирургия бөлімінің меңгерушісі ретінде ауыстырылған.
2009 - 2011 жылдары Астана қалалық Респбуликалық ғылыми жедел медициналық жәрдем орталығының қабылдау бөлімінің меңгерушісі ретінде.
2011-2015 жылдары Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары ретінде.
Қазіргі таңда 2015 жылдан бастап осы кезге дейін - Облыстық онкология орталығының директоры қызметін атқарып келеді.
Медицина ғылымының кандидаты. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің Үздігі.
Бихожаева Сарсенкүл Байдешқызы
Республикалық тәуелсіз «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы
Еңбек жолы:
1985-1997ж “Сыр бойы” облыстық газетінің тілшісі;
1997жылдан бастап осы кезге дейін Республикалық тәуелсіз “Ақмешіт ақшамы” газетінің бас редакторы;
Асабаев Құралбек Бекболатұлы
Түркістан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаменті басшысының орынбасары.